Бұрынғы қазақстандық, қазіргі ресейлік азамат Қазақстан Республикасы азматтығынан айырылғанын жасырып, екі мемлекеттен де зейнетақы алып, қарық болған.
“Мемлекеттік зейнетақы төлемі орталығының” Қарағанды облысындағы департаменті Ресейдің Каланинград облысы Груьев аудандық сотына РФ азаматы үстінен шағым түсірді деп хабарлады ҚазАқпарат.
Ол азамат өзінің Қазақстан азаматығынан шыққанын, өзге елге тұрақты өмір сүруге кеткенін жасырған. Соның арқасында ол 2008 жылдан бастап Ресей Федерациясы Зейнетақы қорынан және Қазақстан бюджетінен де екі зейнетақы алып отырған.
Алайда жауапқа тартылушы сотқа келмеген.
Істі қараған ресейлік сот Қазақстан тарапынан төленген зейнетақыны негізсіз деп тауып, оны бюджет қазынасына қайтару туралы шешім шығарды.
Сотталушы сыртынан қабылданған бұл сот шешімі әлі заңдық күшіне енген жоқ.