Қазақстандық тоқыманың экспорты 18,3 пайызға ұлғайды

14 просмотров

2016 жылдың 1-ші жарты жылында тоқыма мен тоқыма бұйымдарының экспорты 52,5 млн АҚШ долларын құрады, ол өткен жылдың осы уақыттағы көрсеткішімен салыстырғанда 18,3 пайызға ұлғайды, деп хабарлады KAZNEX INVEST.

2015 жылы қазақстандық фабрикалардың тоқыма өнімдерінің экспорты  108,6 млн долларды құрады. Киім-кешек пен оған қажетті бұйымдар санының көбеюі байқалып отыр. 2015 жылы оларды  жеткізу 23,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салстырғанда 26,3 пайызға жоғары.  2016 жылдың  1-ші жарты жылында  тоқыма мен тоқыма бұйымдарының экспорты  52,5 млн АҚШ долларын құрады,  ол өткен жылдың осы  уақыттағы көрсеткішімен салыстырғанда 18,3 пайызға ұлғайды.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі жыл сайын отандық тоқыма өндірушілерді  қолдап, шетелдік нарыққа шығуына жағдай жасайды. Биылғы жылы  мемлекеттік қолдауға  6 кәсіпорын ие болды. Мәселен, кілем мен кілем бұйымдарын өндіретін жетекші кәсіпорын «KAZNEX INVEST» қолдауымен  Украинаның сауда миссиясына қатысты. Агенттік қазақстандық  дизайнерлерге Милан сән көрсетілімі аясында «Pitti Super» көрмесіне қатысуға мүмкіндік берді.

Шетелдік шараларға қатысу  отандық өндірушілерді экспортқа шығарады. Биылғы жылы  кәсіпорындар жеңіл өнеркәсіптің ірі шараларының бірі «Текстильлегпром-2016» шарасына қатысты.

31cbbd0fbd09b001212f311b442526ce_xl

Дереккөз: Хабар 

Загрузка...