Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде

176 просмотров

Елімізде қыздарды алдап-арбап, Сирияға аттандыратын теріс ағымның өкілдері жұмыс істеуде. Мұндай ақпаратты “Феминистік Лига” қоғамдық ұйымының жетекшсі Галина Морозова жариялады.

Айтуынша, ол жаққа аттанған қыздар көп ұзамай жезөкшеге айналады екен деп хабарлайды 31 арна.

Ақмола облысында аты танымал ұйымның жетекшісі алаңдатарлық мәлімет таратты.

Галина Морозованың айтуынша, Қазақстанда қыздарды Сирияға аттандырып, кейін жезөкшеге айналдыратын арандатушы топ жұмыс істеуде екен.

Және қазір адам саудасы бойынша қоғамдағы қатер теріс ағымдардан туындап отыр дейді ұйым жетекшісі.picture123-600x330

“Ұйымның өкілдері барлық облыста жұмыс істейді. Бізде қазір Қазақстанда жас қыздарды Сирияға баруға үгіттейтін топ жұмыс істеп жатыр деген ақпарат бар. Бұл өте қорқынышты жағдай. Сондықтан, біздің қыздарымызды мұндай топтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамын. Қуантатыны, мұндай дерек Ақмола облысында тіркелген жоқ”, – дейді Феминистік Лига” Қоғамдық ұйымының президенті Галина Морозова.

Загрузка...