Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Еркектері масыл болған Қазақстанда матриархат орнамақ па?

366

Жалпы, еліміздегі нәзік жандылар саны – 9 миллионға жуық. Еңбекке қабілетті топтың тең жартысы әйелдер. Алайда жұмыспен қамтылғандар жағын айтсақ, әйелдер ер азаматтардан айтарлықтай артта қалып қойған. Нақтырағы, жұмыссыздардың 60 пайыздан астамы әйелдер. Бұл – ресми деректер. Ал жалпы алғанда, жұмыс істеуші әйелдердің саны еркектерден басым. Олардың дені уақытша жұмыстармен айналсып, базарларда сауда жасайды. Бейресми дерек осылай дейді. Демек, мұндай әйелдер барлық әлеуметтік пакеттен айрылған. Өкінішті, әрине. Әлеуметтік көмектің не екенін білмейтін әйелдерге қандай жағдай жасауға болады?

Базарда істесең де еңбек келісім-шартын талап ет!

20131130150509Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:
– Қандай жұмыс істесін мейлі, олардың салық төлеп тұрғандары абзал. Сонда әйелдеріміз әлеуметтік пакетке қол жеткізер еді. Сонымен қатар, жергілікті Жұмыспен қамту орталықтарына тіркелсе де тиісті көмек міндетті түрде көрсетіледі. Қазір кейбір жұмыс берушілер салық төлемес үшін жұмысшыға жалақыны конвертпен береді. Міне, осындай жағдайда да адамдар барлық әлеуметтік жәрдемнен қағылады. Мұндаймен күресуіміз керек. Белең алып бара жатқан бұл проблеманы болдырмауға жұмысшының өзінің де атсалысқаны жөн, яғни, келісім-шартқа отыруды талап етсін.
 
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз