Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қазақстан экономикасы құрып бітті, оның бар үміті мұнайда” – Дүниежүзілік банк

343

Экономист Замир Қаражанов Қазақстан толықтай мұнайға тәуелді деген пікірде. Қазақстан энергоресурстар бағасына тікелей тәуелді, “пешенесіне” қолайлы жағдайды күту ғана жазылған экономикасы дәрменсіз.

Сарапшының сөзінше,

Дүниежүзілік банктің сарапшылары экономиканы көтеру үшін біздің елімізде ішкі өсім көздері жоқ деген пікірде,

бірақ жергілікті билік бұл мүмкіндіктер туралы жиі сөз қозғап жүр.

Мысалы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы істеп жатса да, Дүниежүзілік банктің баяндамасындай айтылғандай, ол біздің елді тығырықтан шығатын жол емес. Ол аздай, баяндамашылардың айтуынша, бұл бағдаламаның өзі де қиындықтар тудыруы мүмкін.

— Бұл алаңдаушылықтың жөні бар. Өйткені экономиканы әртараптандыру шарасы елдің ЖІӨ-дегі мемлекет үлесін арттырады, — деп есептейді Замир Қаражанов.  Егер бірнеше жыл бұрын қаржы министрлігіндегілер бұл үлес 40 пайызды құрайды деген болса, бір жыл бұрын ол 43 пайыз болған. Атап айтарлығы, бағдарламаны қаржыландыру бюджеттен емес, Ұлттық қордан жүргізілуде.

«2015 жылы Ұлттық қор қаржысын пайдалану көлемі 2013 жылғы 11 млрд доллардан 16 млрд долларға  дейін өскен,

бұл 8 млрд доллар көлеміндегі кепілденген жылдық трансферттің сомасын елеулі көбейткен», – делінеді банк баяндамасында.

kz-economic-update-1511-IG-ru-e1449220887148

Дүниежүзілік банктің “Қазақстан: мұнайдың төмен бағасына бейімделу; қиын кезең әлі алда” баяндамасынан. 2015 жылғы 1-желтоқсан

Енді аймақтың экономикалық көшбасшысы Қазақстан емес, – Өзбекстан!

Дүниежүзілік банк баяндамасынан көңілсіз геосаяси тұжырымдар да туындайды. Астана ұзақ уақыттан бері өзін Орталық Азия аймағының бизнес-көшбасшы санап жүрген. Енді

экономика қарқынының өсімі бойынша Қазақстан дамушы елдерден қалып қоятын болады

ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша Қазақстан тіпті Орталық Азияда да аутсайдерлер қатарына қосылады. 2016 жылы экономиканың өсуі Өзбекстанда 6,5 пайыз, Қырғызстанда – 2,9 пайыз, Тәжікстанда – 4,8 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Егер бұрын Қазақстанның даму моделі үлгі аларлықтай деңгейде болса, қазір ондай ұстаным қайта қаралу үстінде.

Дүниежүзілік банктің „Қазақстан: қалпына келудің ұзақ жолы„ баяндамасы – бұл билікке мұнай бағасының өзгеруін күтпей, экономиканы ынталандыру бойынша пәрменді шаралар қолдануға шақырған белгі, — деп санайды сарапшы. Оның үстіне, ол бағалар өсіп қана қоймай, сонымен қатар құлдырауы да мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз