АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп жақын уақытта Қазақстанға құпия сапар шегеді, деп хабарлайды оның сайлауалды штабындағы дереккөз.
Дональд Трамп Қазақстанға бейресми сапармен келеді. Қазақстанда ол өзінің сайлауалды науқанына зияны тиіп кететін, айтуға болмайтын бір мәселені шешпек екен,
деп жазады ZTB.kz.
Айта кетсек, бұған дейін Ұлыбританияның Financial Times газеті журналистік зерттеу ұйымдастырып, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп пен бұрынғы қазақстандық шенеунік Виктор Храпуновтың арасында байланыс болғанын жазған еді. Онда Трамптың Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың Қазақстаннан ұрлаған ақшасын заңдастыратын күмәнді операцияларға қатысы бар екені айтылған еді.