ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанов дүниеден өтті

68 просмотров

Алматыда 66 жасқа қараған шағында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақанұлы Ақанов дүниеден өтті.

294241

Оның 30 мамырда қайтыс болғаны хабарланып отыр.
Айқан Ақанұлы Ақанов — 1951 жылы 28-мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина универститеті) және 1984 жылы Алматы шет тілдері институтын (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. Медицина ғылымының докторы (1994), профессор (1994), ҚР Валеология академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Загрузка...