Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы театр жаңа маусымды ашты

13 просмотров

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театр жаңа маусымда бұрын-соңды қойылмаған 7 премьера ұсынады, деп хабарлайды 24.kz.

Күнделікті күйбең тіршілікпен жүрген көрермен енді рухани әлеммен тыныстауына болады. «Бразилия байлығы», «Аққудың көз жасы», «Мұқағали», «Ғасырдан да ұзақ күн» сияқты қойылымдар кешегі тарих пен бүгінгінің болмысын анық көрсетеді. Театрға жаңадан келген жас актерлар мен режисерлер тың дүниелерімен таңқалдырады.

Алдымен «Абай» қойылымы көрсетілді. Театр маусымы кезінде Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы сахналанып, Кенесары бейнесі жаңа сипатпен сомдалмақ.

Талғат Теменов, Қ.Қуанышбаев театрының көркемдік жетекшісі:

— Биылғы ашылып отырған 26-маусымда біз көрерменге жаңа премьералар ұсынамыз. Мұхтар Әуезовтың «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш» оқиғасы, Жанайдаровтың «Жұт», Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» секілді спектакльдер бар. Театрымыз биыл көрерменін таңқалдырып, жаңа белесті бағындыруы тиіс.

089da3ae5db05d613f269a9c10de8d7d_l

Загрузка...