Алматының орыстілді қауымы әкім Байбекке қандай баға береді?

246 просмотров

Алматының жас әкімі қандай табыстарға қол жеткізіп, қандай олқылықтарға жол берді?

news1465274189-300x300
Бауыржан Байбек

9-тамызда Бауыржан Байбектің Алматының әкімі болып тағайындалғанына тура бір жыл толды. Интернеттегі түрлі мысқылдарға қарамастан, өзін шаруақор етіп көрсетуге тырысатын әкім өткен бір жылда қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Автопарктердің жасырын табысын жойса да, жолдағы кептелістерді жоя алмады

Арман Шораев, қоғам қайраткері:

— Бір жыл — нақты бір іс тындыратындай үлкен мерзім емес. Дегенмен автобус парктеріндегі көлеңкелі табысты жария етуге мүмкіндік берген «Оңай» жүйесінің енгізудің өзін қомақты іс, елеулі табыс ретінде бағалауға болады.

Бірақ

Алматыдағы кептелісті ешкім жеңе алмайды, тіпті, Алматыны басқаруға Обаманың өзі келсе де.

27e978729a5105c5a0003b16869f5850-300x300
Арман Шораев

Одан кейін, әкім Алматыда туризмді дамытуы керек дейді — медициналық, тау шаңғысы және басқаларын. Алайда погон тағып, ала таяқ ұстаған жігіттер барлық туристердің және олардың ғана емес, басқалардың да шаңын қағып жатқан шақта одан ешнәрсе шыға қоймас.

Толассыз жауған жаңбыр да әкімге абырой әперген жоқ. Соның салдарынан оны келемеждеп жүргендер де жоқ емес…

Билбордтардың саны азайды, Байбек бұл жұмысты мықтап қолға алды. Дегенмен іс әлі тынған жоқ. Мен олардың саны бұдан да азаяды деген үміттемін.

Қалада қауіпсіздік мәселесі ақсап тұр. Әкім — қызмет көрсететін менеджер, ол адамдар тұратын тұрғын үйлердің жайлы, жылы болуына, олардың еңбекпен қамтылуы және олардың балаларының ешнәрседен қауіптенбей, кинотеатрларға немесе сауда орталықтарына баруы жолында еңбек етуі тиіс. Ал бізде ше? жақында автомат кезенген бір бозбала бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызып, елдің зәресін ұшырды. Ал біздегі құқық қорғау органдары өздерінің шарасыздығын көрсетіп, елге қорған бола алмады.

Қазіргі ең үлкен мәселе — қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл мәселе мені әке ретінде қатты алаңдатып отыр.

Алматылықтар қаланың қалай дамитынын көргісі келеді

Константин Горожанкин, Қазақстандық интернет-бизнес ассоциациясының президенті:

GorozhankinKonstantinInterview201301-300x300
Константин Горожанкин

— Әкімнің қаладағы бірқатар нысандарды жарықтандыру туралы шешімі оң болды. Екінші жағымды жәйт – ол қалалықтар үшін хайуанаттар паркін сақтап қалды. Өйткені парктің түрлі сылтаулармен жабылып қалып, босаған жер құрылысқа берліп жіберілуі ықтимал еді. Алайда әкім табандылық танытып, хайуанаттар паркін қорғап қалды. Жетістіктер қатарына «Оңай» жүйесінің енгізілуін де қосуға болады, қолма-қол ақша қабылдауды толық ығыстырмаса да, «Оңай» іске қосылды. Қоғамдық көлікке арнайы жол жолақтары бөлінді. Ол Есімовтің кезінде де болған, бірақ қазір осы іске жаңа тыныс біткендей. Бұл арнайы жолақтар жүргізушілерді белгілі бір ережеге бағынуға мәжбүрлеуде. Төле би көшесінен Шығыс айналма жолына шығуға мүмкіндік беретін жол айырығының салынуы да тағы бір жетістік.

Айта берсек, экология мәселелерін де шешкен жөн. Бұл үшін алдымен, билік сол қиындықтардың бар екенін мойындап, экологиялық ахуал жөніндегі мәліметтерді ашуы керек. Атап айтқанда, Алматыдағы ауаны уландыратын заттар туралы ақпаратты. Қазір олар көпшілік үшін жабық дүние, ал бізді құрғақ уәдемен тойдыруда,

билік экологиялық мәселелерді мойындамай отыр, ал қала, шын мәнінде, уланып жатыр

Неге екені белгісіз, әлі күнге дейін тұрақтар мәселесі де шешілген жоқ. Көптеген елдер бұл мәселені әлдеқашан шешіп тастады, қазір оны реттеудің стандартты әдістері де бар. Көкейімізден белгілі бір топтардың қала туралы емес, қалтасын қалай қампайтуды көксейді деген күдік сейілер емес. Сондықтан осы мәселені реттеудің ақылға қонымды жолдарын ешкім енгізбей отыр. Егер біздегі тендер өткізу мәселесі сыбайлас жемқорлықтан көз аша алмаса, онда бұл мәселені реттеуге өзіміздің ұйымдарды қатыстырмай, тұрақтар мәселесін шешуді неге шетелдіктерге тапсырмасқа?

Үшінші жәйт – Есімовтің кезінде саябақтар жасап, қаланы жасыл желектерге толтыруды уәде еткен голландтық маман шақырылған еді. Бірақ өз басым өзгерген ешнәрсе көрмедім. Білетінім, әкімдіктегілер голландтықпен (Ян Гейл — ескерт. ред.). Ол қаладағы кейбір көшелердің жаяу жүргіншілерге арналатынын айтуда. Болды. Одан басқа еш қандай өзгеріс жоқ. Осының бәрі тек пиар үшін жасалып жатыр ма деген ойға қаласың. Жоспар қайда? Кейін өзгерістер енгізілетін жоспарды көрсетсін. Сонда адамдарға қандай істердің атқарылып жатқаны, біздің қайда бара жатқанымыз түсінікті болады.

Мәдениет жетпейді!

preview-image-300x300
Гүлнәр Рахметова

Гүлнәр Рахметова, «Байтерек» журналының редакторы:

— Алматының жазғы кештері адамды зеріктіріп жібереді. Мейрамханалар мен кафелерді және басқа „қарын тойдыратын„ орындарды есепке алмай-ақ қойыңыздар. Олар үнемі ауызы-мұрнынан шыққанша толып тұрады. Бір қарағанда, жақсы демалу үшін қалада баратын жерлер жеткілікті сияқты. Мемлекеттік академиялық опера және балет театры толық құраммен демалысқа кеткен, театр алдындағы алаңқайға көз салсаң, көңілің құлазып кетеді. Сондықтан еуропалық қалалардағыдай, бұл жерде жастар ансамбльдерінің, жас вокалистер мен цирк артистерінің өнер көрсетуін ұйымдастыруға болушы еді ғой. Қала тұрғындары арасындағы байқаулар да артық болмас еді. Ғылым академиясы, цирк, ҚБТУ, Орталық стадион, кез-келген ЖОО-ның, кинотеатрдың алдындағы алаңқайлардың өз бағдарламасын дайындаған жөн… Қалада шығармашылық оқу орындарының жүздеген студеттері қалады, бірақ олардың дарынын, өнерін пайдалану ешкімнің ойына келмейді. Осы орайда, қаламыздың мэрі кезінде музыкант болғанын ұмытпаған жөн.

Бір жыл үлкен мерзім емес

5111-spanov-300x300
Шавкат Сабиров

Шавкат Сабиров, Қазақстаның Интернет-Ассоциациясының басшысы:

— Бір жыл немесе 100 күн — қандай да бір баға беру үшін өте қысқа мерзім. Оның үстіне, қандай дүниені нәтиже деуге болады?

Егер менің үйімнің ауласы болса, онда бұрынғы әкімнің кезінде аула түнде жарық әрі тыныш болатын, ал жаңа әкім келгелі — қараңғы және айғай-шуға толып кетті. Бұрын автобустарда «Оңай» болған жоқ, қазір бар. Әкімдіктегі шенділерден өзінен жылдам әрі мықты жұмыс істейтін Қоғамдық кеңес пайда болды.

Айтарым, жаңа әкімнің үлесіне өте күрделі кезеңде өте күрделі шаруа тапсырылыпты. Міне, осы сынақтан оның ғана емес, барлығымыздың аман-есен өтуімізге, Құдай қуат берсін!

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыз

Загрузка...