Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыдағы терактіде қаза тапқан сержанттың отбасына пәтер берілді

Осы күні Қарақастек ауылында Мақсат Қанағатұлын соңғы сапарға шығарып салуға арналған қаралы митинг өтіп, онда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов лаңкестік әрекеттерді айыптай отырып, қоғамның қауіпсіздігі үшін қызметтік борышын өтеу жолында құрбан болған азаматтардың ерліктері елжандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болатын атап өтті.

«Жас өмірі қыршын кеткен Мақсат тәуелсіз елдің тірегі, қорғаны болды, соның арқасында Мақсат қаншама бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Оның есімі тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз», – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Қарулы шабуыл оқиғасынан кейін Елбасының мемлекеттік органдарға шұғыл тапсырмалар бергенін тілге тиек етіп, соған орай Мақсат Сәлімбаевтың отбасына Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылданғанын айтып, жаңа баспананың кілтін табыстады.

«Әрине, бұл қайғының орнын толтыра алмайды, дегенмен де, орнында бар оңалар деген. Артында қалған балалары, ағайын-туысы, ел-жұрты аман болсын деп тілейміз», – деді сөзінің соңында А. Баталов.

Сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің өкілі Мақсат Исақов, Алматы қалалық Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев, Мақсаттың туыстары атынан Мұратхан Жамбылов сөз алды.

Естеріңізге сала кетсек, Мақсат Сәлімбаев Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Әуезов аудандық жол-патрульдік полициясында қызмет атқарған, отбасылы, бір қызы бар. Бір үйдің үлкені, өзінен кейін бауырлары өсіп келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз