Алматыдағы атыс: қаза тапқан полицейлердің артында балалары қалды

1 111 просмотров

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қаладағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аты-жөндері мен суреттерін жария етті. 

Атыс салдарынан үш полиция қызметкері көз жұмды. Олар:

Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы — ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

a4204102a900fd4692fe63f46b49036b

Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы — полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылы туған, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

8502b27a2639df4ebe208e3ed092c82e

Ғалиев Аян Ерболғанұлы — полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясы 2-ші батальон полицейі, 1974 жылы туған, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі баласы бар.

22a6a81ab77d978a817f911aa6e84567

 

Загрузка...