Алматы облысында жол жиегінде намазға жығылған имамды көлік басып кетті

4 542 просмотров

Жол көлік оқиғасы Айнабұлақ ауылы маңында орын алған.

14-қыркүйекте Алматы-Өскемен тас жолының бойында Айнабұлақ ауылы маңында кешкі 20:00 уақытында жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық ішкі істер департаменті хабарлағандай, Мерседес көлігін тізгіндеген Көксу ауданының тұрғыны Алматыға бара жатқан жол бойында кешкі намазға жығылған Панфилов ауданы Жаркент қаласы мешітінің 27 жастағы имамын басып кетті.

Жол көлік апаты салдарынан көп жарақат алған дін қызметкері ауруханада көз жұмды.

Загрузка...