Қайрат Нұртастың Инстаграмының өзі бір ақпарат құралы. Қайрат көлік айдаса да, ән айтса да, тіпті кәуап пісірсе де әлеуметтік желідегі оқырманның назарынан тыс қалмайды. Бұл жолы да солай болды.
Туған інісі Заңғармен бірге Шымкентті шарлап жүрген Қайрат Нұртас “Тәттімсің” әнін орындады. Шамалыдан кейін оған Заңғар да қосылып ағайынды Нұртастар дуэт құрады.
Ал енді біреулері әншінің тым жылдам жүріп келе жатқанын сынға алған екен. “”Қайреке, жолға қарасаңшы! Жәй айда. Біреуге кесірің тимесін”, “Жылдамдық өте тез. Мақтанбайық, заң бұзбайық, елге үлгі болайық, жігіттер” дейді желі қолданушылары.