Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Министрлік райынан қайтты. АИ-80 жанар-жағармайы құнының шекті бағасы белгіленді

Біріншісі, АИ-80 жанар-жағармайының көршілес мемлекет – Ресейде қымбаттығы.

Екіншісі,  бензиннің бұл түрі елімізде көп тұтынылады. Жеңіл көлігі бар қазақстандықтар АИ-92 емес, бағасы әлдеқайда арзан АИ-80 жанар-жағармайын сатып алып, көлігін бүлдіретін көрінеді.

Үшіншіден, арзан бензинді сатып алғандар ауаны ластайды-мыс.

Бағаны қымбаттату үшін осындай дәйектер келтірген министрліктің әрекеті отандық сарапшылардың ашу-ызасын туғызған.

Мәселен, сол кезде біздің медиа-порталға пікір білдірген халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлы:

– Министрліктің бағаны қымбаттатып, қазақстандықтарды АИ-80 емес, АИ-92 жанар-жағармайын алуға мәжбүрлейік деуі — барып тұрған бассыздық. Шетелде АИ-80 маркасы мүлде өндірілмейді. Өйткені, олар сапасыз нәрсені өндірмейді. Сондықтан олар бұл арада баға емес, негізінен, сапаға бастарын ауыртулары керек.

Бірақ, оларды қазақстандықтардың да, қоршаған ортаның да жайы емес, жеке мүддесі қызықтырады ғой. Соны ашық танытып отырған министрлік қалай қорықпайды? Олар оны 99 теңге емес, 120 теңгеден неге сатпаймыз деп ойлайды. Көкейді тесіп бара жатқан тек өздерінің пайдасы, — деген еді.

Ақыры, қоғамның тамырын басып көрген министрлік бастапқы ойынан тайып, шекті бағаны белгіледі. Бірақ бұл қаншаға созылар дейсіз? Қай күні қайтадан бүлінер екен?..

Еске сала кетелік, аталмыш министрлік „ҚР Энергетика министрлігінің 2016 жылдың 19-мамырындағы „Бағаны мемлекеттік реттеп, анықтау арқылы мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасын белгілеу туралы„ №361 бұйрығының жобасын әзірледі.

Онда „Қосымша құн салығын есепке ала отырып, АИ-80 жанар-жағармайының 1 литрі 89 теңге болып белгіленсін„ делінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз