Кейінгі кезде еріккен жұрттың үйінде жатып алып, өз заманының тарихи тұлғалары ретінде қазаққа ғана емес, бүкіл əлемге əйгілі тұлғаларына тас ату науқаны жүріп жатыр.
Бұл кетіспен ұлтқа идеал болатын барлық тұлғалардан айырылып, “тұттай жалаңаш” қалу қаупі бар.
Себебі, Шоқан да орысшыл болған.
Шəкəрім былай деп жазған: “Россия болса – анасы , қазақ – жап-жас баласы”
Мұхтар Əуезовтың мынадай сөзі бар: “Орыс тілі – екінші ана тілің бола бастаған күннен былай əлем көкжиегі мол ашылады” .
Ыбырай Алтынсарин: “Шын білім беретін , пайдалы мəліметтер беретін, өзімізге ең жақын – орыс тілі”.
Осындай сөздерді орыспен жақындасу заманында қазақ зиялыларының барлығы дерлік айтқан.
Бүйте берсеңіз, кезінде: “Ленин – біздің атамыз, саясында жатамыз,
қарсы келген дұшпанды, қақ жүректен атамыз”, – деп тақпақтатқан ата-аналарыңыздан да безіп кетуіңіз мүмкін.
“Өткенге тас атсаң, келер ұрпақ сені зеңбірекпен атады”, деген нақыл сөз бекер айтылмаған .
Тұрсынбек Тұрапбек – зейнет жасындағы ұстаз, Facebook-тегі жеке парақшасындағы жазбасы