Қыдырәлі Болманов өзіне қатысты “Қарақаттан бұрын басқа бір әйелі болған. Бір отбасын тастап кеткен” деген желі қолданушыларының сөзіне жауап беріпті.
Жердің түбіндегі білетін әлеуметтік желідегі кейбір белсенді қолданушылардың пікірінше “Ақжүніс” бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова мен Қыдырәлі Болманов отасып, артынша ажырасып кеткен.
Нақтыласақ, бір желі қолданушысы Қыдырәліге сұрақ қойыпты.
Мұны естіген Болманов бұған бірден жауап қатуды жөн көріпті.
“Өсек-аяң теріп, оны шығаратындар – өте үлкен күнә жинаушылар. Әйел адамның бөтен еркекке сұрақ қоюға, жөн сілтеуге ешқандай қақысы жоқ. Мен еркекпін. Тоқал алғым келсе ешкімнен сұрамаймын. Алғым келмесе, маған ешкім қинап алдыра алмайды. Намысым да, сөзім де кесек. 25 жыл көз алдыларыңызда өсіп келемін, ТВ-дан түскен емеспін, менің жылтырбет, ұрланып жүрмейтін еркек екенімді санаңыз арқылы сараптасаңыз көзіңіз әбден жетіп тұр! Сондықтан менің жеке өмірімде, жанұямда шаруаларыңыз болмасын!
Көзіңізді ашып қарасаңыз, сүмелек еркек емес екенім маңдайымда жазылып тұрған жоқ па? Жалпы, 10 бәленің 9-ы тілден дейді. Өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар! Аллаға сансыз мадақ. Қыдырәлі Болманов өз еңбегімен, білімімен, ақылымен, Алланың қалауымен Қарақатын тапты. Өмірден өз жолын тапты! Намысты, қуатты, қайсар, өз ұлтына адал, қазақ тарихында болмаған, әлемде аналогы жоқ бірнеше жобаны іске асырған, ауылда туып-өскен қазақтың қара баласы!” дейді Қыдырәлі Болманов.
Мұнымен қатар, тағы бір желі қолданушысы продюсердің тастанды бала-шағасы бар екенін жайып салыпты. Болмановтың бұл сауалға да жауабы әзір болып шыққан.
“Менде өзім тастап кеткен бала-шаға жоқ! Алғашқы ақ некелі жарым да Қарақат! Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгімесіне еш қатысым жоқ. Жалпы ниеттері қисықтау адамдарды өшіріп отыру – бізде заңдылық. Негативті қандай түрде болмасын жек көреміз. Аман болыңыздар”, – дейді ол.