Ақтауда істері сотта қаралып жатқан екі азамат 300 мың еуроның дүниесін ұрлаған

28 просмотров

Істерін сот қарап жатқанына қарамастан бұл екі жігіт қаладағы пәтерлердің бірінен жалпы сомасы 300 мың еуроны құрайтын заттарды қолды қылған, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
20160525_184749Жүрек жұтқан қаскүнемдер 1969 жылы туылған азаматқа тиесілі пәтерден алтыннан жасалған әшекей бұйымдар, қорабы 18 караттық алтыннан жасалған ұялы телефон, инвестициялық монеталар, қымбат бағалы фотоаппарат, видеокамера және айпад ұрлаған.

Атап айтарлығы, оқиға 3-мамырда тападай тал түсте орын алған.

Ұрлық жасалғаны туралы шағым түскеннен кейін тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Сөйтіп, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталған. Олар 1991 және 1992 жылдары туылған азаматтар болып шығыпты.

Бір қызығы, ұрлық жасалған сәтте олар басқа қылмыстық іс бойынша сотқа тартылып жатқан екен.

Ұрлық жасады деген күдікпен құрықталған азаматтар сот үкімі жарияланған күннің ертеңіне қамауға алынған. Олардың екеуі де шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ қаскүнемдер жеңіл жазамен құтылғандарына қуанып та үлгермеді. Жақын арада болатын соттың жаңа шешімі неғұрлым қатал болатыны күмән тудырмайды.

Загрузка...