Ақтөбедегі теракті жөнінде біле тұра полицияға хабарламаған тағы үш ер адам ұсталды

65 просмотров

5 маусым күні жалдамалы пәтерде «ИГИЛ» уағызын насихаттаған аудионұсқаны Дмитрий Таңатаровпен және өзге де радикалдармен тыңдағандарды қамауға алу ісі әлі де жалғасуда.

Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Өткен аптада ұсталған үш ер адам әскери бөлім мен қару-жарақ дүкеніндегі шабуылға қатыспаған. Алайда, полицейлерге радикалдардың жоспары жөнінде де хабарламаған. Оларды жоспарланған теракті жөнінде полицияға хабарламағаны үшін соттайды. Ұсталғандардың бірі 41 жастағы Рустам Гацаев Акраб ауылының тумасы, уақытша жұмыссыз, екі бала тәрбиелеп отыр. Гацаев өзінің бұл қылмысқа қатысы жоғын айтып, өзін босатуды сұрайды. Екінші ұсталған 42 жастағы Әкімжан Құсымов Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Белгісіз адамдар тобы өткен айдың жексенбісіндеде қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары мен әскери қызметкерлер оққа ұшқан.

Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы бар болуы мүмкін деп атады.

Загрузка...