Ақтөбеде тергеушілердің қылмыстық істерді шала тергейтіндігі сынға алынды

34 просмотров

Ақтөбеде сот төрағасы тергеушілердің білімінің тайыз екенін айтты. Қылмыстық істерді тергеудің шала жүргізілуі сот жұмысына қиындық туғызып отыр.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы сотқа келетін істердің шала тергелетіндігін айтты деп хабарлайды aktobenews.kz.

— Тергеушілер жіберетін кемшіліктердің себебі әртүрлі. Негізгі себеп жауапкершіліктің болмауы. Білімнің және тәжірибенің аздығы. Басқа баппен айып тағылып, сотқа келгенде іске басқа баппен үкім шығарылған жағдайларға дейін болған, — дейді Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов.

Сонымен қатар сот төрағасы қаралып жатқан қылмыстық істердің артқанын айтады. 2015 жылдың алты айында 20 адамға қатысты 17 іс түскен болса, 2016 жылдың алты айында 20 адамға қатысты 18 іс түскен. 15 адамға 14 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққан.

Алты айда қаралған істерді қорытындылаған судья мұғалімдердің қолын қанға былғап, адам өлтіріп жатқаны қапаландыратынын айтады:

— Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Нұра ауылында Жүргенов атындағы мектептің мұғалімі туған нағашысы әрі сыныптасын өзара келіспеушілікке байланысты пышақ сұғып өлтірген. Зәбірленуші оқиға орында қаза тапқан.

Сот дене шынықтыру пәнінің мұғалімін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ырғыз ауданы білім беру мекемесі осы кісіні мұғалім ретінде жұмысқа алған кезде ешқандай тексеру жүргізбеген. Мұғалім қалайша адам өлтіруге дейін барады?, — дейді сот төрағасы.

Загрузка...