5 маусым күнгі лаңкестік оқиғаға байланысты Ақтөбеде мектеп бітіру кештері ұйымдастырылмайды деген ақпарат негізсіз деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат».
Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Бегімбетовтің айтуынша, 17 маусым күні облыста жылдағыдай «Жас түлек-2016» фестивалі өткізіледі.
– Жыл сайын 17 маусым күні мектеп түлектерінің «Жас түлек» фестивалі өткізіледі. Биыл аталған шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта ұйымдастырылады. Түлектерге мектеп бітіру жөніндегі аттестат салтанатты түрде табысталады. Одан соң қала, облыс мектептерінде мектеп бітіру кештері өткізіледі, – деді ол.