Ақтөбеде лаңкес А.Таңатаров ұсталды

36 просмотров

Қазақстан Республикасы Террорға қарсы орталық іздеудегі лаңкестердің ұсталғанын хабарлады.

«Ақтөбе облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың жүргізген шаралары барысында Жаманқұлов-Пушкин көшелерінің қиылысындағы ауданда қалған қылмыскерлердің жасырынуы мүмкін деген мәлімет алынды. Тексеру барысында бұл ақпарат расталды. Қабылданған шараларға сәйкес, Б. Қуанышбаев, А.Таңатаров, А.Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашып кетуге әрекет жасағандықтан, оның аяғына оқ тиді», — делінген хабарламада.

Террорға қарсы операция режімі және терроризмге қарсы іс-әрекет саласындағы заңнамаға сәйкес, Жаманқұлов көшесі бойынша №15 үйге тексеру-сүзу шаралары жүргізілді.

Лаңкестерден 5 маусымда «Паллада» дүкенінен ұрлаған 2 қару тәркіленді.

Загрузка...