Ақмола облысында жоғалған әскеридің денесі табылды

32 просмотров

Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен әскеридің денесі табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметі келтірген дерекке сүйенсек, маусымның 16 күні таңғы 9:20 шамасында Бурбай аудандық ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне 1956 жылғы Щучье қаласының тұрғыны хабарласып, ауласының сыртында «Қылшақты» өзенінде ер адамның мәйіті жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен жедел іздестіру тобы оны осыдан бірер күн бұрын іздеу жарияланған әскери қызметші — 1992 жылғы Нұржан Сұлтанғазин екенін анықтады.

Щучье қаласының тумасы,1992 жылдың 12 қаңтарында туған Нұржан Қайратұлы Сұлтанғазин ҚР Қорғаныс министрлігі «Кадет корпусы» бөлімінде келісімшарт бойынша әскери борышын өтеп жатып, 2016 жылдың 12 маусымында із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Загрузка...