22 жүк вагон рельстен шығып, оқыс оқиға орын алды

171 просмотров

Ақтөбе облысында жүк тиеп келе жатқан 22 вагон рельстен шығып кетті.

Бұл туралы Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Түнгі сағат 02:10-да Ақтөбе жол бөлімшесіне қарасты Никельтау-Әйтеке бір жолды учаскесінде
Жоса-Құдықсай аралығында кен артылған 22 вагон жолдан шығып кетті. Барлық вагон Қазақстанға тиесілі, атап айтқанда, «Транском» компаниясының меншігі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқыс оқиға себебін тергеу үшін комиссия құрылды.

Загрузка...