Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Зырянда полиция бөлімінің басшысы ұсталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, бірнеше қалада астыртын ойын автоматтары бар залдар жұмыс істеген.

“11-мамырда жедел тергеу тобы Зырян аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкерін және Өскемен қаласы прокуратурасының аға прокурорын қызметтік бабын асыра пайдаланды және трансұлттық қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен ұстады. Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды”, – деді ведомство өкілдері.

Прокуратураның мәліметінше, ұсталғандардың әрқайсысы қызметтік бабын асыра пайдаланып, қылмыстық топқа қызмет көрсетіп отырған. Сол ісі үшін олар ақша алып отырған.

“Қазіргі уақытта тергеу тобы белсенді түрде құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр”, – деді өңірдегі прокуратурадағылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз