Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Зырян ауданы мен қаласының аты Алтай болып өзгерді

Тұрақты кеңес мүшелері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Бұл оң шешімге ауданның зиялы қауым өкілдері риза көңілмен тарқасты.

«Қаламызға да, ауданға да тың серпін керек. Сол серпіннің рухани жаңғырудан басталғаны қуантады. «Алтай» дейтін әлемдік брендті экономикамыздың дамуына пайдаланбау күнә дер едім.

Осы қаланың өркендеуіне үлес қосып, өндіріс қазанында құрыштай қайнаған аға буын бұл өзгерісті құптайтынын мәлімдегім келеді» – дейді Зырян аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрайымы Элла Гейгер.

 

«Алтай – қазақ даласына тағдыр айдап әкелген сан түрлі ұлт пен ұлысты құшағына сыйдырған киелі өлке. XVIII ғасырда келген ескі наным өкілдері де, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жер аударылған алмандар мен өзге ұлттар да Алтайдың қойынынан пана тапты.

Сондықтан ауданымыздың осы ұлы атауды алуы заңдылық. Бұл өлкенің Алтай атануы тарихымызды қайта қарауға бастаса деген үміт бар. Тарихшы ретінде мұнда да түркі өркениетінен қалған мұралар көп екенін айта алам. Соның бәрі жарыққа шықса, біз өз бастауымызға оралған болар едік» – дейді өлкетанушы Денис Никитин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз