Аз уақыт ішінде Қазақстанда танылған «Зың-зың» әнінің авторы Болат Нұрымовтың өліміне қатысты жаңа деректер шықты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Жұмабайқызы Baq.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Нұрымовтың қайда және неден қайтыс болғанын айтты.
Нұрымовтың жақын достарының сөзіне сүйенетін болсақ, белгілі әннің авторы соңғы уақытта өкпесі қабынып қатты ауырып, бір апта ауруханада жатып қайтыс болған. Сонымен қатар ол Нұрымовтың жаназасы бүгін Шымкентте сағат 13:00-де өз үйінен шығарылатынын айтты.
Үйленгеніне үш жылдай уақыт болған. Артында әйелі және бір баласы қалды.