Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Зорланып, жауыздықпен өлтірілген қыздың ата-анасы экс-әкімді айыптап отыр (видео)

1698

Бірақ сол кездегі қала әкімі, қазір Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов мұны басқаша жолмен шешпек болыпты. Яғни қайғырған жанұяны жеке қабылдап, ауылдан кетуге ниетті екенін білген соң, жергілікті басшыға 10-15 миллион теңге аралығында үй табуды тапсырған. Баспана табылғанымен, бұл шаруаның әрі қарай баспай тұрған жайы бар.

“Үш үйді қарастырып алып келіңдер, бағасын сұрағанда 10 мен 15 миллион деп айтты. Онымен біздер өзіміз іздедік, өзіміз таптық, фотоларын апардық, солардың біреуінің берілетінін айтты. Содан бері хабар жоқ, айтуын айтып алды да сол кездегі қала әкімі Серік Шапкенов мырза, біздерді ұмытып кетті”,дейді  Айкөркем Алдамжардың анасы.

Айкөркемнің ата-анасы жұмысбасты шенеуніктердің уәдесін естеріне салмақ болып, бірнеше рет хат та жазыпты. Бірақ келген жауап көңілдерінен шықпады. Ауыл әкімдігінің есігін де күнде қағып, енді жақсы жаңалықтан үміт үзген. Мұндағылардың айтары да Алдамжар отбасын әзір қуантпайтын да секілді.

Сотта немересінің қазасына қатысты Олжас Сүлейменовтің хаты оқылды (видео)

“Бұл жанұяға отбасында болып жатқан қиындықтарға байланысты әкімдік пәтер алып беруге демеушілікпен көмектесеміз деп айттық. Қазіргі уақытта демеушіліктердің реті болмауына байланысты әлі бұл жұмыстарды орындай алмай отырмыз. Алдағы уақытта қолымыздан келгенше көмектесуге жұмыстар жасаймыз”, деді Қайыршақты ауылдық аймағының әкімі.

Еске сала кетейік, 8 жасар Айкөркем  Алдамжар былтыр маусым айында мектеп жанынан ашылған лагерге кетіп сол күй оралмады. Оның денесі арада 5 күн өткенде Жайық өзенінен табылған еді. Кейін жеткіншекті 24 жастағы көршісінің әуелі зорлап, кейін суға тұншықтырып өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер өткен жылы 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз