Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жүргізушілерге полиция əрекетін фото және бейнеге түсіруге рұқсат берілмек

Мəжілістің заңнама жəне сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі Қанат Мусиннің айтуынша, салыстырма кестесінде өзгерістер 55 позициядан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Салық кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, жол қозғалысы туралы, автомобиль жолдары туралы, əскери полиция органдары туралы заңдарға енгізілмек.

“Атап айтар болсақ, үкіметтен уәкілетті органдарға кейбір өкілдіктерді беруді көздейтін түзетулер енгізілді. Уəкілетті органның қауіпсіздік жəне жол қозғалысы саласындағы облыстық бөлімшелердің құқықтық мəртебесі бекітілді. Автомобиль жолдарын салуда, жоспарлауда қауіпсіздікке жəне автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне талаптар күшейтіп, оларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар белгіленді”,- деді депутат.

Бағдаршам алдындағы стоп-жолақтан өтіп кетуге белгіленген айыппұл 5 АЕК-тен 3-ке дейін қысқарды. Жүргізу куəлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережесін білуге емтиханды қайта тапсыруды алып тастауды көздеп отыр. Заң жүзінде көлікті тоқтатқаннан кейінгі полицейлердің міндеттері бекітілді. Оған сəйкес, полиция қызметкері көлікті тоқтатқаннан кейін бірден көлікке жақындап, өзін таныстыру тиіс. Сонымен қатар куəлігін көрсетіп, көлікті тоқтау себебін баяндауы тиіс.

“Бұл ретте құжат тексеру кезінде жүргізушілерге полиция қызметкерлерінің əрекеттерін фото және бейнеге түсіру құқығын бекітілді”, — деп нақтылады Мусин.

Бұған дейін депутаттар қарсы жолаққа шыққандар жүргізуші куәлігінен айырылатыны туралы хабарлаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз