Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жүр осылай, жақсы болса…”. “Пәмиті” нашар министр Сағынтаевтан ұрыс естіді

177

Осылай аңдамай сөйлеп, желіде мазаққа қалған еді ол. Қоянды қылына қарап түңіл демекші, көп сол кезде одан түңіліп үлгерген. Көпке бармады.

Әне, Үкімет басшысының өзі бұлқан-талқан. Мына цифрлар қайдан шықты деп сұрапты одан. Ол да қайтпапты. Бір айналып келіп, есеп берейін деген ғой…

“Біз: „Инвентаризация аяқталды, тапсырма орындалды„ деп Елбасының алдында есеп бердік. Ал енді Сіз мүлікті түгендеуден кейін тағы 168 жаңа нысан пайда болды дейсіз. Сонда инвентаризацияның мәні не? Бір қолмен қысқартып, екінші қолмен көбейтіп жатырмыз. Неге жаңалары пайда болып жатыр? Бұлай жалғаса бере ме сонда?”, — деп ашуланды Премьер-министр.

Бұған қапелімде не дерін білмеген Ұлттық экономика министрі Сағынтаевтан мұның себептері бойынша қосымша анықтама беруге уақыт сұрады.

“Тимур Мұратұлы, Сіз бүгін баяндамамен келіп отырсыз. Қол астындағылардан анықтама талап еткенше, ақпаратты баста ұстау керек. Ешқандай бақылау жоқ, сондықтан жаңа нысандар пайда болып жатыр. Әркім ойына келгенін істеп жүр”, — деді қатты кейіген Үкімет басшысы.

https://kaz.365info.kz/p-miti-nashar-eken-ministrdi-tirigi-leumettik-zhelidegi-auymdy-ashulandyrdy-246421

Расында, масқара ғой. Орындалды, бітті десе де жұмысын тоқтатпайтын қандай министр? Оқыған баяндамасын өзі де түсінбей тұрған болып тұр ғой сонда.

Бір сөзбен айтқанда, қақпайды. Мұны Сағынтаев та жақсы біліп отыр. Иә, үкімет басшысы да оған „Қақпайсың„ деді. Тек „Баста ұстау керек„ деп оны мәдениетті тілмен жеткізді. Бірақ тікелей сөздің өзі әрең өтетін ол астарлы сөзді қайдан ұқсын?..

Әйтпесе әлеуметтік желідегілер оған айтарын баяғыда айтып-айтып салған:

«Памяті нашар адамға цифрларды қалай сеніп тапсырамыз», «Склерозға шалдыққан министр қалай қорықпай уәде бере береді екен»…

https://kaz.365info.kz/parlament-pen-deputattardan-pajda-zhokh-bizdi-khogamdykh-kenester-khytkharady-sarapshy-252416

Айта кетелік, кешегі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі баяндама жасап, өткен жылы жекешелендіруден кейін тағы 168 жаңа компания пайда болғанын атап өтті.

“Жұмыстың бірінші бағыты – мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынышты ұйымдарын түгендеу қорытындысы, сондай-ақ үкіметтің жекелеген тапсырмасы бойынша жекешелендірудің кешенді жоспары 2017 жылы 168 ұйыммен толықтырылды. Сондай-ақ президенттің тапсырмалары және экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдары бойынша жекешелендіру жоспарынан 46 ұйым алынып тасталды”, — деді министр Сүлейменов үкімет отырысында.

https://kaz.365info.kz/yyat-zhokh-eken-ozderinde-sarapshylar-bizdin-ekonomikany-kimder-baskharyp-otyrganyn-ajtty-287389

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз