Сөздің қысқасы, доктор Доун Нисом осындай тоқтам жасайды. Ол біздің көзімізді жеткізу үшін он түрлі дәлел келтіреді.
- Егер ұйқысыз түндер мазаласа, ол үшін дәрі ішудің қажеті жоқ. Тек секске азын-аулақ уақытыңызды қиыңыз. Бәрі орнына келеді. Ұйқыңыз тәтті болсын!
- Сіз денеңіздің толысып кеткеніне қатты ренжулісіз. Капаланбаңыз! Он минуттық өбісу кезінде 50 калория, бір рет беріліп сүйісу 10, ал өте байыпты деген жыныстық қатынастың өзінде 200 калория жұмсалады екен. Ал өте жоғары деңгейдегі жыныстық қатынасқа 560 калория жібересіз. Бұл дегеніңіз сіздің бір жарым сағат велосипедті қатты жүргізгеніңізбен тең.
Қалай ойлайсыз, бұл жаман емес қой!
- Аптасына төрт реттен 20 минут жыныстық қатынасқа берілсеңіз, дене болмысыңыз жақсарады. Міне, ақша үнемдеу деген қайда жатыр!
- Таңертең махаббат ойынымен айналысу күні бойы көңіліңіздің көтеріңкі болуына кепіл болмақ.
- Махаббат ойынымен айналысу адам өңінің жақсаруына да көп кепілдік береді. Жыныстық қатынас кезінде шығатын тер, тері қабаттарын тазартып, жақсы қалпын сақтап қалуына көп септігі бар.
- Ұзақ беріліп сүйісудің пайдалы екендігі соншалық, оның жанында ең қымбат деген әжімге қарсы креміңіздің көмегі аз.
- Есте сақтау қабілетіңіз жақсара түссін десеңіз, төсек қатынасының жиі болып тұруына көңіл бөліңіз.
- Махаббат ойынымен жиі айналысу шаштың түспеуіне және оның түсінің жақсаруына көп көмегі бар. Қан айналымы жақсарып, шаштың түбірі қосымша қор жинайды.
- Естеріңізде болсын! Егер сіздің өзіңізден жасы көп кіші серігіңіз болып, онымен үнемі жыныстық қатынаста болсаңыз, өзіңіздің де жасарып кететініңіз сөзсіз.
- Ең соңында айтарымыз, жыныстық қатынас кейде серігіңізді сөзбен айтпай-ақ, қаншалықты жақсы көретініңізді айқындап береді.
Дайындаған Аян Мырзабек