Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-2
USD
418
0.00
EUR
506
0.00
RUB
5.59
0.00

Жыныс мүшесі жетілмеген: Сарыағашта бала зорлады деген күдіктілердің туыстары не дейді?

https://kaz.365info.kz/symyrajlar-auyl-akhsakhaly-zorlangan-bala-turaly-symdykh-faktilerdi-ajtty-306449

Шынын айтқанда, олардың жыныс мүшесі дұрыс жетілмеген де ғой. Менімен көрші тұратын мына кісінің (ред. – тағы бір күдікті оқушының әкесін) алтыншы сыныптағы баласы да күдікке ілікті. Шынымды айтсам, қайда, кімге барарымды білмей дал болып отырмын.

Бізді ешкім тыңдағысы келмейді. Басқа көршілерімізден де сұраңыздар, ешкім сенбейді бұл оқиғаға. Маған бұл жағдай қос бірдей соққы болып тиіп жатыр. Бір емес екі балам күдікке ілінді, уайымға салынған күйеуім миына қан құйылып қайтыс болды», – деп сөзін бастаған ағайынды күдіктілердің анасы ел ішінде күйеуі есірткі қолданғандықтан қайтыс болыпты деген әңгіменің шындыққа мүлдем сай келмейтінін айтты.

«Міне, қолымда қайтыс болу себебі көрсетілген анықтама бар. Осы жағдайдан соң күйеуім инсульт алып о дүниеге аттанды. Төрт баламмен жесір қалдым», – деген әйел ұлдарым адам зорламақ түгілі, ешкімнің ала жібін аттап көрмеген деп отыр.

https://kaz.365info.kz/shoshyna-beredi-shymkentte-alty-bala-1-synyp-okhushysyn-zorlap-zhyr-306166

Сонымен қатар ол «немеремді зорлады» деген көрші әжей бастапқыда құзырлы органға шағымданған сәтте мектеп психологтары жеті жасар баламен сөйлескенін айтты.

«Мектептің Әлия деген психологы баламен сөйлесіпті. Сол кезде бала психологқа «Апам солай үйретті» деп айтқан екен. Неге соны ешкім айтпайды? «Зорлаған балалар Селтанов дегеннің туыстары, байдың балалары екен» деген ақпарат шығыпты. Селтанов дегенді тіпті танымаймыз да. Мектептің директоры Селтанова екенін ғана білеміз. Байдың балалары болса, тозығы жеткен үйде тұрып неміз бар? Күнімізді әрең көріп жүрген адамдармыз біз», – деді ашуға булыққан әйел.

Онымен көрші тұратын тағы бір күдіктінің әкесі алтыншы сыныпта оқитын ұлы физикалық тұрғыда жыныстық қатынасқа түсуге әлі жетілмеген деп отыр.

«Бұл оқиға баланың әжесін де, бізді де күллі елге масқаралап отыр. Балалардың жағдайын, ертеңгі өмірін ешкім ойлап отырған жоқ. Шыны керек, намыстан өлетін болдық… Мен бұл жерде пәтер жалдап тұрып жатқаныма көп болмады. Алғашында ұрып-соқты деп шағым айтыпты. Ол анықталмады. Полицейлер істі жауып тастапты деген әңгіме шықты. Мен бір миллионер де емеспін ақша беріп істі жаптыртып тастайтын, менің біреуге беретін артық ақшам да жоқ.

Күн жылыған кезде құрылысқа шығып, бала-шағаны бағып жүрген адаммын. Ал қазір үш ай болды, осы істің соңында жүріп, жұмыс та қалды жайында. Мына марқұм көршім есірткіге тәуелділіктен қайтыс болған деген әңгіме жүріп жатыр. Ең болмағанда өлген адамға тыныштық берсе нетті? Ол да мен секілді құрылысқа шығып отбасын асырап отырған қарапайым адам еді.

https://kaz.365info.kz/yrdy-zorlady-almatyda-zhogalgan-15-zhastagy-khyz-basynan-otken-zhagdajdy-ajtyp-berdi-305823

Ауырдым дегенін естіген емеспін, миына қан құйылып қайтыс болды. Селтановтармен ешқандай араластығымыз жоқ. Танымаймыз да, тіпті көрген де емеспіз оларды», – деді ол.

Жала жабылып отыр деп жанайқайын жеткізген күдіктілердің туыстары сараптама нәтижесін күтіп отырғанын жеткізді.

«Алматыға барып сараптама жасатамыз депті. Тексертсін. Біз жүз пайыз сенімдіміз балаларымыздың зорламағанына. Сараптама шыққан соң бізді де тыңдайтын адам табылатын шығар?.. Бұл жерде халық шындықты білмей отыр», – деген олар аудандағы екі қалталы азаматтың өзара дауынан балаларымыз зардап шегіп отыр дегенді айтты.

Есімін айтқысы келмеген күдіктілердің көршісі де бұл сұмдық жағдайға сенбейді.

«Соққыға жығыпты не болмаса төбелесіп қалыпты десе мейлі. Бұл деген миға сыймайтын сұмдық қой. Олар (ред.: жәбірленуші тарап) ешкіммен араласпайды. Баланы қараусыз ешқайда жібермейді. Біздің балалармен ойнамайды», – деді күдіктілердің көршісі.

Осы ретте біз Абай ауылының биі Өмірзақ Өтеновтен орын алған жағдайға қатысты сұрап білмек болдық. Алайда ақсақал онсыз да ушыққан жағдайды ушықтырмайын деді ме, әйтеуір сұхбат беруден бас тартты.

Еске сала кетсек, наурыз айының басында 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше ай бойы зорлап келді деген ақпарат тараған болатын. Бұл жағдай күллі елді дүрліктірді.

https://kaz.365info.kz/tarazda-bir-otbasy-yz-zorlap-inap-ltirgen-balasyn-t-rmeden-t-aryp-alma-234711

Жуырда отандық БАҚ-та ОҚО мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдехановтың 7 жасар балаға қатысты оқиға екі әулеттің арасындағы даудан пайда болғаны туралы мәлімдемесі жария етілді.

Дереккөз: NUR.KZ 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз