Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

“Жыныма тимесін!”. Шетелде оқып келген қыз “Болашақ” орталығын сотқа бермек

https://kaz.365info.kz/ministrlik-bolashakh-talimgerlerinin-dauly-shagymyn-kharastyryp-zhatyr-sagadiev-263440

Олар мені “Әлеуметтік жұмыс” дипломым бойынша жұмыс істемегенімді ілік етіп отыр. Иә, мен бір фирмада аудармашы болып жұмыс істеп, сосын, өзімнің тіл бойынша курсымды аштым. Сосын, өз мамандығым бойынша ЕНУ-да магистратура оқыдым. “Астана Опера” театрында аудармашы болып қызмет еттім. Әлеуметтік саладан қанша тырыссам да жұмыс таба алмадым, бұл менің кінәм емес қой. Әйтеуір, бос жүргенім жоқ, қолым жұмыстан қалт кетпеді.

Ең бастысы, өз елімде 5 жыл жұмыс істедім ғой.

Еліміз шындықты білуі тиіс. Мына ұйым жұмысқа тұруыма бір де бір рет көмек көрсеткен жоқ, соған қарамастан, келісімдегі талаптың орындалуын қадағалауда зордай. Менің курсымда оқыған оқушылар мен студенттер де өздерінің қатарластары қалай оқығандарын айтып бере алады.

Керек болатын болса, Халықаралық бағдарламалар орталығының небір ағылшынша қақпайтын жастарды шетелге жібергенін, олардың ол жақта қалай қыдырғанын да білемін (Оларға бізден де жоғары шәкіртақы төлегендігін де анықтау керек)”,

– деп жазады Майгүл Садықова Фейсбуктегі парақшасында.

“Кез-келген жағдайда, жанжалды қалайтын болсаңдар, мен оған дайынмын!”, – деп атап өтіпті ол сөз соңында.

https://kaz.365info.kz/bolashakhtagy-kikilzhin-neden-bastaldy-263567

Еске салсақ, жақында ғана “Болашақ” бағдарламасы бойынша үлкен дау туындап, оның басшысы Жанболат Мелдешов қызметінен уақытша шеттетілген болатын.

Кейін ҚР білім және ғылым министрлігі Мелдешовтың қызметіне қайта оралғанын мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз