Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жынданып кетеді”. Қытай дәрігері споршыларға қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады

79 жастағы Ксю Иньсянь ұлы екеуі бүгінде Германияда тұрады. Қазір ол кісі немістерден саяси баспана сұрап жатыр екен. Өйткені оның қудалауға ұшырап жатқан жайы бар. Себебі ол Қытай спортының былық-шылығын ашуда.

Отан үшін бәрі денсаулығын „құрбандыққа„ шалды

1984 жылы Қытай спортшылары алғаш рет Олимпиадаға қатысып, 32 медаль алды, оның 15-і алтын еді. Одан кейін, Сеулде болды. Содан соң, қытай спортшыларын әлем мойындай бастады. Қытай спортшылары 1992-96 жылдарғы Олимпиадада 16 алтын медаль иеленді.

Ал 2008 жылы жарыс өздерінде өткенде 100 медаль алып, айды аспанға  бір-ақ шығарды. Оның тең жартысы алтын медаль еді. Бірақ Ксю Иньсянь оның барлығы таза еңбектің емес, допингтің „жемісі„ екенін айтады.

– Мен Қытайда 70-жылдан бастап жұмыс істедім. Қытай спортының қалай туып, қалай өркендегенін өз көзіммен көріп қана қоймай, соның қайнаған ортасында жүрдім. „Чемпиондардың тамағы„ деген болды. Оны спортпен кім байланысты, бәрі ішетін. Допинг қой.

Ал тыйым салынған дәріден бас тартқандар Отанын қорғаудан бас тартқан сатқындар секілді жазаланатын,

– дейді Иньсянь.

Допинг бақылау деген тек бертінде пайда болды ғой. Ол комитет 1999 жылы құрылды емес пе? Бірақ оны да айналып өтетін жол болды. „Әжей үйде„ деген код сөз бар.  Соны айтса болды, дәрі қабылдаған қытай спортшыларының мәселесі шешіліп жататын.

Допинг балаларға да берілетін…

– Дәріні қабылдау бала кезден басталады. 11 жастан бастап отырғызатынбыз оған. Ал одан бас тартқандарды спортқа мүлде жолатпай қоятын. Балалар командасына ең бірінші дәрі беріледі.

Бір күні жаттықтырушы келіп шағымданды: „Ұл балардың емшегі өсіп барады, тоқтатуға болмай ма оны„ деді. „Мен бұл қалай болды„ дегенде. „Чен Жангоның дәрісінен соң, осылай болды„ деді.

Чен Жанго қытай спортындағы дәрігердің бірі.  70-ші жылдары оны Батысқа  допингті зерттеп келу үшін әдейі жіберген. Ол шаршауды басатын бір дәрі тауып келдім деп оралды. Содан бастап, ол дәрі спортта тұрақты қолданыла бастады.

Жеңіл атлетикамен айналысқан кішкентай қыздарға, тіпті, обал. Қазір олардың көбісі қайыршылықта, психикалық дертпен күресіп, өмірлерінің соңғы сәтін өткеріп жатыр.

Бұл қадағалаудың жоқтығынан орын алған. Өйткені спортшылар допингті орталықта дәрігердің қадағалауымен қабылдаса, өңірлердегілер оны өз бетімен тұтынатын. Сондықтан оның салдары осылай білініп қалуда.

Кейбір спортшы допинг қолданып жүргенін білмейді де.

Ли Нинге допинг бергізбеймін деп жұмысымнан айырылдым

– 1984 жылы құраманы қадағалайтын органның басшысы болдым. Бірақ одан кейін қызметім қатты төмендеді. Өйткені допингке жол бермеуге баса назар аудардым.  Қытай гимнатикасының сол кездегі жарқ еткен жұлдызы Ли Нинь допинг қабылдау керек болды. Мен үдере бас көтердім. содан соң, мені спортқа жолатпады. Есесіне, мені қатты тексеретін болды: телефон тыңдалатын, электронды поштам тінтіледі, үйімді ақтарып кетеді. Екі рет инсульт та алдым. Бірақ мені емдеуге де дәрігерлердің құлқы болмады. Құдайға шүкір, балам да дәрігер. Ол менің жайымды жақсы біледі. Сол ұлым Германияға көшу туралы бастама көтерді. Дәрігерге қараламыз дедік. Мұны естіген билік қайта-қайта үйіме тінту жүргізді. Бірақ дәлелі бар құжаттарды ол кезде шетелге шығарып үлгерген едім, – дейді ол.

Қазір Ксю Иньсянь ұлымен Мангейм лагерінде тұрып жатыр. Ресейлік спортшылардың допингін әшкерелеп, фильм түсірген атышулы Зеппельт оларды сол арадан тауып алған.

Осы сенсациялық мәлімдемеден соң, ARD телеарнасы WADA-ның (Допингке қарсы қадағалаушы халықаралық комитет)  шаңын қағып, кең көлемді тексеру жүргізуіне түрткі болыпты.

Сол секілді олар қытай билігіне де осы мәселеге қатысты арнайы сауал жолдапты. Әрине, олар жауап бермеген, әзірге үнсіз. Қытайдың баяғыда алған медальдарының күшін жоя алмайтын шығар. Бірақ Қытайдың мемлекет ретіндегі беделіне нұқсан келері сөзсіз. Олардың 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізбей де қалуы бек мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз