Бұған дейін мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытында діни жоралғыларға қатысуға шектеу қойылуы мүмкін екендігі хабарланған еді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Мемлекеттік қызметшінің этика кодексі мен еңбек кодексін бұзған азаматтарға қолданылатын жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Бұл мәселе жаңа заң жобасы аясында әлі талқыланып жатыр. Министрдің айтуынша, жауапкершілік күшейтілуі мүмкін.
“Қазіргі заң жобасында бұл мәселеге байланысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Жауапкершілік күшейтілуі мүмкін”, — деді Ермекбаев.