Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Жұлмалап, қарашы…”. Орамал дауына қатысты пікір білдірген Зейнеп Ахметова ашынып кетті

221

Алдымен қазақсың, содан кейін мұсылмансың. Егер дін ұлттың үстіне шығатын болса, ұлт жойылады. Олардың түпкі мақсаты сол.

Олар “Аллаға серік қосып тұр” деп келінге сәлем етуге де тыйым салады. Құранның қай жерінде “Үлкенге құрмет көрсетпе” деп жазулы екен?! Солар жылда Меккеге барғанда қара тас қағбаны жеті рет неге айналып жүр?

https://kaz.365info.kz/zejnep-ahmetova-m-sylman-bolu-shin-arab-boludy-azheti-zho-227428

Ол серік қосқан емес пе? Қара тасқа саусақтың ұшын тигізу үшін аяғының астындағы адам мыжылып жатса да, қарамайды. Рас, қағба қасиетті жер. Дүниежүзі мұсылмандары бас қосатын жер. Бірақ, ол Құдай емес қой”, – дейді халық қаһарманының келіні.

Жазушы елдегі шенеуніктердің елбасы бағдарламасының берекесін кетіріп жатқанына да тоқталды.

“Бәрі де рухани жаңғыру деп әлек болып кетті. Беті жылтыраған екі әншіні шақырып, соған ән айтқызып, сол шараны “рухани жаңғыру” дейді. Ол жаңғыру емес, қаңғыру.

Рухани жаңғыру үшін сана жаңғыру керек. Қазақтың сан ғасырлық өнегелі тәрбиесі жұлмаланды және мүлде басқа жаққа қарай бұрылып кетті. Сондықтан біздер көп жерде талай нәрседе тығырыққа тіреліп отырмыз.

Егемендік алғаннан кейін шекарамызды ашып, құшағымызды жайдық. Жақсы да келді, жаман да келді. Біз көргеніміздің барлығын қабылдадық. Батыс келіп жалаңаштады. Шығыс келіп тұмшалады.

https://kaz.365info.kz/khazy-zhegennen-khazakh-bolmajdy-maman-yl-khyzyn-oryssha-okhytkhandardy-ojlantyp-tastady-331420

 

Ат төбелінде бір уыс қазақтың шақшадай басы шарадай болды. Қай жағына қарарын білмей қалды. Сол ата-ана өзінің ұрпағын да адастырды. Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық болады. Балға жұмсақ болса шеге қағылмайды. Сол секілді балаларды ата-аналардың өздері бүлдірді”, – дейді Зейнеп Ахметова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз