Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-5
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Жұлдыздар “Жыл таңдауы-2017” концертінің былықтары жайлы айтты (фото)

243

1. Мұндай жоба не үшін керек? 2. Көңіліңіз толды ма? 3. Қандай кемшіліктерді байқадыңыз?

Тоқтар Серік

әнші

  1. Осы маусымда айтыскерлерді де марапаттау бақыты бұйырып тұр. Бұл нағыз қуанарлық дүние. Көп кезде айтыскер ақындарымыз артта қалып қояды. Сол олқылықтық орнын толтыруға мүмкіндік.  Осындай үлкен жобалар арқылы біздер жастарға үлгі-насихат көрсете аламыз. Бір-бірімізге бағыт –бағдар беріп, жол сілтей аламыз. Бұл қазақ өнерін шетелге насихаттауға үлкен мүмкіндік беретін жоба екенін білемін.
  2. Көңілім 100 процент толды деп айта алмаймын. Мұндай ауқымды істерде қателіктердің болуы заңдылық. Кешіріммен қаралу керек деп ойлаймын.
  3. Тәуекел бауырымның Фарида Жолдасованың тегін шатастырғаны болмады. Өте ұят дүние. Алаңғасарлық байқалды.

Мақпал Жүнісова

Әнші

  1. Жыл таңдауы – халық таңдауы. Әншілерге мотивация болады. Енді кімнің қандай жолмен номинацияны жеңіп алатынын халық өзі-ақ біледі ғой. Жыл таңдауы бір статуэткамен өлшенбейді. Оны көрермен шешеді. Кімнің концертіне көп халық барады, кімнің әнін көп тыңдайды, міне сол нағыз мықты әрі үздік болғаны. Ал, бүгін бір әні хит болған әнші жыл таңдауы деп таңдау қылмыс деп ойлаймын.
  2. Білмеймін, мен түк көрмедім. Осы гримеркада отырдым. Тек ән айтатын кезде ғана шығамын. Негізі залдан орын беріп, сол жерден шақырса керемет қой. Көресің, түсінесің, бәрін байқайсың. Енді теледидардан көрген соң айтамын пікірімді.
  3. Басты кемшілік халықтың дауыс беруі тоқтаған соң жабық түрде тағы да дауыс беруді ашуы деп ойлаймын. Сол халықтың таңдауымен марапаттау керек.

Айқын

Әнші

  1. Әрине, керек деп ойлаймын. Еңбегімізді елеп-ескеріп, марапаттап жатса біз үшін үлкен бақыт.
  2. Әріптестерімді көріп, әңгімелесіп, мәз болып қалдым. Ал, сахнада не болып жатқанын білмеймін.
  3. Бізге алдын ала сыйлықтың қайдан қалай келетінін ескерту керек еді. Сәл болмағанда анау алтын адам басыма түсіп, тарихта қалар едім. Өзім қорқып кеттім.

Қайрат Нұртас

Әнші

  1. Бізде шүкір, қазір осындай марапаттау кештері мен конкурстар көбейіп келеді. Үлкен қуаныш қой. Халық таңдап, дауыс беріп, біздің өнерімізге қолдау көрсетіп жатса нағыз қуаныш.
  2. Иә, бәрі керемет өтуде. Зал лық толы. Әншілердің бәрі әдемі киінген, образ жасаған. Кей кештерде жігіттеріміз қара кастюм-шалбар киіп шыға салады ғой. Бүгін ондай жоқ. Бәрі әдемі, бәрі жарасымды.
  3. Ешқандай кемшілік байқамадым. Өзіме бәрі ұнады.

Дидар Камиев

Айтыскер ақын

  1. Керек деп ойлаймын. Биыл алғаш рет айтыскер ақындардың да додасын бәйгеге қосыпты. Бұл да бақыт.
  2. Көңілімнен шықты. Сахнаға шыққан кезде лық толы залды көру, қошыметті сезіну керемет жан рахаты ғой. Ашық дауыс беру кезінде Айнұр ханымнан көш ілгері тұрдым. Бұл да халықтың маған деген құрметі мен ілтипаты. Мұны сезінудің өзі бақыт, үлкен жеңіс. Ал, сыйлық алмадым деп өкпелеу тіпті, ойымда жоқ.
  3. Кемшіліксіз дүние болмайтын шығар. Бірақ, көш жүре түзеледі. Сондықтан, аяқтан шалу ойымда жоқ.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз