Әнші Жұлдыз Өмірғали жұбайын туған күнімен құттықтап, мұрағаттағы бірегей суреттерімен бөлісті.
Әнші бір кездері өз отбасының Айқынмен бас қосқанына қатты қарсы болғанын айтқан болатын. Әсіресе апасы онымен бір жыл сөйлеспей қойған.
Өз кезегінде Айқынның да әке-шешесі қарсы болып, “Бізге Әселден басқа ешкімнің қажеті жоқ” деген сөздерді айтқан.
Бірақ барлық қарсылыққа қарамастан, Айқын Жұлдызға барлық салт-жоралғыларды сақтай отыра сырға салып, құда түскен.
Былтыр отбасы ұлдары Санжардың бір жасын дүрілдетіп атап өткен болатын. Ұлдары мен өздерінің қарым-қатынасы жайлы да сол кезде көпшілікке жария етті.
Көпшілік әлі күнге дейін Айқынның екінші рет үйленгенін қабылдай алмаса да, бақытты отбасы өмірлеріндегі қуаныштарымен, жаңалықтарымен белсене бөліседі.
Қазірде отбасы шығармашылықтарын жан-жақты дамытып жатыр. Оның ішінде тойларда ән салып, би билейтін топтар мен би топтарын құрған.