Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жылдың аяғына дейін жүк тасымалдайтын жаңа әуе компаниясы құрылады – ИДМ

«Осы уақытқа дейін Қазақстанда мұндай компания болмаған. Сондықтан «ҚТЖ» «Air Astana»-мен бірігіп осындай компания құру туралы шешім қабылданды. Жылдың соңына дейін аталмыш компания құрылады», – деді ол.

Осы орайда вице-министр жүк тасымалдайтын әуе компаниясын құру үшін қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атады.

«Қазіргі таңда «Қазақстан Темір жолы» осы бағытта жұмыс істейтін серіктес іздеуде. Біздің жоспарымызға сәйкес компания жылдың аяғына дейін құрылуы қажет. Сондай-ақ, жүк тасымалдайтын екі әуе кемесін сатып алу немесе оларды осы жұмысқа тарту көзделген. Болашақта бұл компания жүк тасымалы нарығында өзіне лайықты орынды алады деген үміттеміз. Бұл қадам импортты алмастыратын болады. Себебі, қазіргі таңда жүк тасымалымен шетелдік компаниялар ғана айналысады», – деп түйіндеді сөзін Алик Айдарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз