Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жылда уланады”. Денсаулық министрі адам денсаулығына жауапты әкімдер деп жалтарды

Елжан Біртановтың айтуынша, қар суы еріп, құдықтарға құйылған. Салдарынан тұрғындар жапа шекті. Сорақысы мұндай жағдай елімізде жыл сайын қайталанып отырады екен. Себебі жергілікті билік өкілдері ауызсу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелі шараларды қолға алмай келеді.

Айта кетейік, шамамен 2 апта бұрын Бозайғыр ауылында 150-ге жуық тұрғын тіршілік нәрінен ұшынып қалды.

Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Бірақ жүйелі шаралар атқарылмағандықтан, жылда соның салдарымен күресіп келеміз.

Әрине аталған оқиға бойынша қазір зерттеу жүріп жатыр. Олқылықты жою үшін тиісті жұмыстар атқарылды. Жалпы қоғамның денсаулығын сақтау мәселесін барлық деңгейдегі әкімдер басты назарда ұстауы керек. Біз де өз тарапымыздан тиісті бақылау жұмыстарын жүргіземіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз