Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Жылама, Буффон!». Италия әлем чемпионатына шыға алмады (видео)

Бұдан бұрын Буффон 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатынан кейін футболмен қош айтысамын деген еді.

Италия құрамасының әлем чемпионатына шыға алмағаны өте өкінішті. Бұл менің өмірімдегі жалғыз өкінішім. Оның жанында спорттық қарьерамды аяқтауым өкініш емес, өйткені менің жасым келді“, – деді қақпашы.

39 жастағы Буффон Италия құрамасы сапында алғаш рет 1997 жылы алаңға шықты. Ұлттық құрама сапында 174 матч өткізіп, 2006 жылы әлем чемпионы, 2012 жылы Европаның вице-чемпионы атанған. Ресейдегі әлем чемпионаты оның алтыншы мундиалі болар еді, бірақ бұл бақыт оның маңдайына жазылмапты.

Ресейге барған жағдайда ол алты әлем чемпионатына қатысқан тарихтағы жалғыз футболшы болар еді.

Буффонмен бірге құрамадағы карьерасын жартылай қорғаушы Даниэль Де Росси мен қорғаушылар Андреа Барцальи, Джорджо Кьеллини де аяқтамақ.
https://youtu.be/aYLwUnKm7hc

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз