Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жыл соңына дейін әуе билеттерінің бағасы арзандайды

Ведомство басшысының пікірінше егер кәсіпорындар жөндеуден өтсе, Қазақстанда әуе керосині арзандап, оны импортқа шығаруға да мүмкіндік туады.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Бүгінде біз керосиннің 60 пайызын шетелден алып келеміз. Оның бағасы әуе билеті құнының 30 пайызын құрайды. Ол әуежайларда әртүрлі. 150 мен 300 мың теңге аралығында тұрады. Мұнай өңдеу зауыттары жөндеуден өтіп жатыр. Жыл соңына дейін жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс. Нәтижесінде бізге қажетті 800 мың тонна керосин өндіріліп, әуе билетінің бағасы төмендейді деп күтіп отырмыз.

Министрдің хабарлауынша қазір Қазақстан аумағында және шетелге қатынайтын ұшақ билеттерінің құнын арзандату үшін бірқатар шаралар қолға алынған.

– Ең бастысы – әуе компанияларының арасында бәсекелестіктің орнауы. Мәселен, жақында ғана венгриялықтар жолаушыларды Еуропаға арзан тарифпен жеткізуге дайын екендіктерін жеткізді. Отандық компаниялар да халықаралық әуе қатынасын, дамытуға дайын. Биыл Хельсинки және Варшаваға рейстер ашылады, – деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз