Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып қалды
Жамбыл облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып қалды
Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«12 ақпан күні сағат 13.53-те Жамбыл жол бөліміне қарасты Шу-Отар учаскесінің Көктөбе-Еспе аралығында №3406 жүк пойызының вагондары рельстен шықты», – деп хабарлайды «ҚТЖ – Жүк тасымалы» баспасөз қызметі.
Ешкім зардап шекпеді. Оқыс оқиға салдарын жою үшін Шу және Алматы станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Пойыздар екінші жолмен қатынап жатыр. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.