Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жүйкем жұқа”. Теміртауда баланы тұншықтырып ұйықтатпақ болған тәрбиеші неліктен олай істегенін айтты

Қылмыстық іс бойынша жауап берген балабақша қызметкері ашуға бой алдырып, өз-өзін ұстай алмағанын айтты. 50 жастағы әйелдің айтуынша, қыз бала еркелеп түскі уақытта ұйықтамай қойған. Ол балақайдың төсектің үстінде секіріп, басқаларға ұйықтауға мұрша бермегенін айтты.

Білім министрлігінің мәлімдеуінше, балабақша тәрбиешісін жұмыстан шығарып жіберген.

“Ол кісімен ресми түрде еңбек қарым-қатынастары тоқтатылды. Білім министрлігінің балаларды қорғау комитетіне арнайы хат жолданып, бақылау департаментінің мамандары ескертілді. Оқиға мамыр айында орын алған” , – деп жазды Теміртаудағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі балабақшаның мемлекеттік емес екенін хабарлады.

Айта кетейік, ашуға булыққан тәрбиеші кішкентай қызды тынышталдырмақ болып оны тұншықтырған. Оқиға орнынан түсірілген видео желіге тарап кеткендіктен, орын алған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Видеоны түсірген басқа күтуші іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатыр.

Бұл оқитғадан кейін, көпшілік ата-ана балаларын аталмыш балабақшадан алып кетуде.

Балабақша директоры әрбір ата-ананы өзі қабылдап, қызметкерінің ерсі қылығы үшін кешірім сұрауға даяр.

https://kaz.365info.kz/symdykh-temirtauda-balabakhsha-tarbieshisi-balany-tynshykhtyryp-yjykhtatpakh-bolgan-329511

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз