Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Жуып жатырмыз”. Ақтөбеде 60 жылдан кейін жол жөнделіп, тұрғындар мәз болды

111

Мен өзім осы жақта тудым. Біздің көшеге соңғы рет жол жөндеу жұмыстары 1960 жылы жасалды. Біздің көшенің тұрғындары өте тату. Бұл жерде өзге ұлт өкілдерінен екі орыс отбасы бар. Көршілеріміз бізді қыдырыстардан қалдырмайды”, – дейді Лена есімді Мөңке би көшесінің тұрғыны.

Бір көшенің тұрғындары мал сойып, жаңа жолдың үстіне құран оқыған.

“Көшемізге салынған асфальтқа қуанып, той жасадық. Мал сойып, сірне пісірдік. Мен өзім бұл жерге 2000 жылы көшіп келдім. Жылда қазады, балшығымыз езіліп тұратын”,-дейді Самат Малдығұлов.

Тұрғындар той жасау үшін ақша шығындауға да келіскен.

“Әр отбасы 3000 теңгеден жинадық. Жол салынғанда қуанғанымызды көрсеңіз. Instagram желісіне шығарылған фото тек кішкентай жері. Аяқ астынан жұлдыз болып кеттік.

Біздің дастархан бір кварталға созылды. Осы жерде жүрген жұмысшыларды дастарханға шақырып, рақметімізді айттық.Әкімдіктің адамдарын келесіде шақырамыз”, – дейді тұрғын Салиха Сағындықова.

Мөңке би көшесінің тұрғындары бордюрі төселмеген жолға да қуанып жүр.

 

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз