Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Журналисті соттаңдар!”. Павлодарда шенеуніктің мақтаншақ әйелі шатақ шығарды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ratel.kz порталында жарияланған материалдар желіде Ассоль Домисоль деген бүркеншек атпен тіркелген павлодарлық стилисті қорлаған екен.  Онда автор «Интернеттегі спорт шенеунігінің әйелі Рим мен Парижге ұшып бара жатқанда» атты мақалаға суреттерін жариялаған. Жеке мәліметтерді таратқаны үшін ол журналистен бір жарым миллион теңге өндіріп беруді талап етті.

Алайда Инстаграмда 2000-нан астам адам жазылған парақшадағы сурет қалайша құпия ақпарат болуы мүмкін? Журналист бұл ашық материалды, ашық тұрған жеке деректерді пайдалана алады.

Бірақ мына жағдай басқа екен:

парақшада бүркеншек есім көрсетілген, ал материалда автор стилистің нақты аты-жөнін және оның лауазымды тұлғаның әйелі екенін жазған.

Стилистің талабы журналистерді ғана емес, блогерлерді де таң қалдырды. “Ашық есік, жүздеген фотосуреттер, шетелдік саяхат туралы есептер – мұның бәрі адамның қаншалықты шалқып өмір сүретінін білдіру үшін жасалмаған ба” дейді блогер Евгений Шультист.

“Бұрын әлеуметтік желілер, интернет болмаған кезде де адамдар фотосуреттерін альбомдарға жапсыратын. Бірақ олар онысын кім-көрінгенге көрсетпейтін. Қазір жағдай басқаша. Парақшаға өз қолыңызбен жүктеген кез-келген суретіңіз жеке құпия болудан қалады. Қазір өзі мақтаншақтар заманы ғой. Оның да қауіпті жағы бар, қазіргі қарақшылар тіпті өз құрбандарын да әлеуметтік желіден іздейтін болды“, – дейді блогер Евгений Шультайс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз