Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Екатерина Великая» сериалы қазаққа не үшін қажет?

«Естуімше “Астана” телеарнасы “Нұр Отан” партиясына қарасты құрылым екен. Еліміздегі билік партиясы саналатын және Парламенттегі басым көпшілікті құрайтын, елдің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыратын партия өз телеарнасының қандай идеология жүргізіп отырғанын неге қадағаламайды? Әрбірден соң Қазақстан қоғамына “Екатерина Великая” телесериалы не үшін қажет?» – деген орынды сауал қояды журналист.

Оның пікірінше бұл арадағы «Астана» телеарнасының көздеген мақсатының өзі қазіргі қазақ қоғамына қауіпті.

Өз тарихымызды түгендеп, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, отарсыздандыруды жүзеге асырудың, Кеңес өкіметі кезінде әділетсіз айыпталған хандық билік жүйесі мен ұлт азаттығы үшін күрескен азаматтарымызды айыптауға негізделген идеологияны жоққа шығарудың орнына Қазақ жерін саяси айлалармен уысына түсірген, қазақ жерін отарлаудың негізін қалаған Екатерина патшайымды “Ұлы” деп неге біз әспеттеп, дәріптеп, насихаттауымыз керек?

дейді журналист.

Оның айтуынша, бұның артында ресейлік насихат пен идеология жатыр. Осы ретте журналист аталған сериалдың Қазақстанда көрсетілуіне қарсы екенін мәлімдеді.

Мен Қазақстан арналарынан, әсіресе “Нұр Отан” партиясының “Астана” арнасынан бірде қазақты қан қақсатқан Сталин, бірде Екатерина туралы фильмдердің көрсетілуіне қарсымын.

Бұл арна келешекте Голощекинді де дәріптеп сериал көрсетуі ғажап емес. «Астана» арнасының орыстілді жаңалықтарының тым ресейшіл, Путиншіл, КСРО-шыл екенін айтпай-ақ қояйын, – дейді Кенжеғараев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз