Қазақстандық колледж түлектері ЖОО-да қазіргідей 4 емес, 2,5-3 жыл оқитын болады.
— Қазақстанда 800-ге жуық колледж бар, олардың барлығы кредиттік оқыту технологиясына көшуі тиіс. Бұл дегеніміз, оқу бітірген түлектер жоғары оқу орындарына түсіп, бірақ төрт емес, 2,5—3 жыл оқиды.
Ең бастысы — ЖОО түлектерін жұмысқа орналасуы. Президент бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын. Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналаса алмаса, мамандықтар да, жоғары оқу орындарының өздері де біртіндеп жабылады деген норма қабылданды, — деп атап өтті Әмірбеков.
Оның айтуынша, мемлекет биыл оқуға түскендер мен төрт жылдан кейін бітіргендердің санын бақылайтын болады.
— Ақылы жоғары оқу орындарының талапкерлеріне емтихандар да енгізіледі. Шетелдік топ-менеджерлерді тарту — биылғы жылы енгізілген жаңалық. Қазір шетелдік проректорлар мен ректорларды тарта бастады. Мысалы, медицина университетіндегі бірінші проректор Польшадан келген. НАРХОЗ-да — Америкадан келген маман. Мұның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді, — деп түйіндеді Әмірбеков.