Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Жол жүрісі туралы” заңға қандай өзгерістер енгізіледі?

Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға жол беретін нормаларды алып тастау мақсатында арнайы шаралар тізімі қабылданады. Осы шаралар іске асырылған кезде ғана көлікті тоқтатуға негіз береді.

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде міндетті түрде емтиханды қайта тапсыру болмайды.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен ұдайы айналыспайтын көліктерге түнгі уақытта жолаушылар тасымалдауға тыйым және көліктегі аэрографиялық суреттерге салынған тыйым алып тасталады.

Бағдаршам алдында тоқтау керек сызықтан асып кеткені үшін айыппұл көлемі 5 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендетіледі.

“Бұл жерде Әділет министрлігі өзге де мүдделі мемлекеттік органдар және қарапайым адамдармен бірге “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын дайындап жатыр. Бұл арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзуға салынатын бірқатар айыппұлдар арзандап, ескерту сияқты шаралардың қолданылуы кеңірек мүмкін болады.

Заң жобасы Мәжіліске биыл жазда қарауға беріледі деп жоспарланып отыр”, – дейді депутат.

Мас күйде рөлге отырғаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы мүгедектерге де қатысты болады.  Бұрылу мен кері айналу кезінде қарсы бағыттағы жолағын басу нормасы нақтыланды. Бұл норма бұзылған жағдайда, адам жүргізуші куәлігінен айырылады.

“Жол жүрісі туралы” Заңға өзгеріс енгізу бойынша заң жобасы Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда мақұлданып, Сенат қарауына жолданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз