Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
20
USD
522
-0.37
EUR
602
+7.51
RUB
6.43
+0.04

Жол сапасы орталығының бас директоры Назарбаев университетінің студенттерімен кездесті

486

Спикер ретінде «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов шақырылды. Ол көптің көкейідегі барлық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ студенттерді Орталықта ақысы төленетін тәжірибеден өтуге шақырды.

«Мемлекет басшысы жоғары сапалы мамандарды даярлаудың, жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуына кепілдік берудің, тиісінше оқу орындары мен кәсіпорындар арасында тығыз байланыс орнатудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Өз кезегінде, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бұл мәселелер бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деп атап өтті Замир Сағынов.

Іс -шара аясында Назарбаев Университеті мен Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат қазіргі заманғы жол-құрылыс материалдарын, конструкцияларын әзірлеу мен өндіру және сапаны бақылаудың жаңа әдістерін іздеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды көздейді.

Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің студенттерімен бірлесіп отандық, жоғары технологиялық жылжымалы жол зертханасын құру бойынша жұмыс жүргізу жоспарлануда. Ол үшін инженерия мен цифрландырудың озық жүйелері негізінде жолдарды диагностикалау мен паспорттаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанның автожол саласында білікті кадрлардың тапшылығы байқалуда. Бұл ретте елімізде жыл сайын құрылыс көлемі өсіп келеді. Студенттерді ЖОО-да оқу кезеңінде практикалық жұмысқа тарту, салаға жас, диплом алған мамандардың ағынымен қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз