Өзбекстанның Наманган облысы Гурумсарой ауылының 53 жастағы тұрғыны Бахром Асадуллаевты жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі инстекторлар жабылып ұрып өлтірген.
“Ол ауруханаға жетпей жатып жантәсілім еткен. Ағамды жедел жәрдемге жеткізгенде, дәрігер оның 15 минут бұрын үзілгенін айтқан”, – деді Жамолиддин.
Бахромның туыстары оның киімінің сау жері қалмағанын айтып отыр. Екінші сараптама қорытындысы әлі белгісіз. Жол инспекторларына қатысты қызметтік тексеру басталған.
Дереккөз: centralasian.org